image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Облыстың шағын жинақталған мектептерінде білім беру сапасын арттыру бойынша семинар

2021 жылдың 21 қазанында Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Білім беру сапасын арттырудың тиімді әдістері мен тәсілдері» атты облыстық семинарын өткізді.
Іс-шара шағын жинақталған мектептердің мұғалімдері мен әкімшілігіне білім сапасын арттыру бойынша әдістемелік қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Семинарда Екібастұз қ. №22 ЖОББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бүркітбаева Балғайша Сайпенқызы, Кабенова Гүлмира Какенқызы, Павлодар ауданы Кеңес негізгі мектебінің директоры Молдахметова Айнұр Шалабайқызы, Баянауыл ауданының М. Әуезов ат. ЖОББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жұмабаева Айман Аманқызы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында оқыту сапасын арттыру механизмдері, білім беру ұйымдарының тиімді өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.
Семинарға қатысушылар педагогикалық диалогтың өзектілігін атап өтіп, алдағы жұмыс үшін ұсыныстар алды.