Бүгін мектеп кітапханашысы Ақерке Советханқызының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл мерейтойына арнап «Ұлттың ұлы ұстазы» атты оқырман конференциясы өтті. Бұл конференцияның негізігі мақсаты: А.Байтұрсынұлының өмірбаяны, еңбек жолы және шығармашылығымен таныстыру.
Сонымен қатар конференция барысында мектебіміздің директоры Айнур Шалабаевна тіл маманы ретінде А.Байтұрсыновтың қазақ тіліне қосқан елеулі үлесі туралы көптеген мағлұматтар берді.
Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынұлы — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері екенін танытып, оқушылар ақынның қандай шығармаларымен таныс екенін айтып, өз білгендерімен бөлісті.
Абай Кунанбаеву 175 лет
Женіс лентасы
ҚР конституциясының 25 жылдығы
Балалар жылы