image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсанында елімізде Республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Бұл акцияға жерлестеріміз үнемі қатысуда. Бүгін облыстық “Ана тілі” орталығының басшысы Шолпан Дохтырбаевна Кинжикова ауылымызға келіп, мектеп оқушыларын бір қуантты. Мектебіміздің болашақ 1 сынып оқушыларын алғашқы қадамдарымен құттықтап, кеңсе заттары мен мектеп сөмкелерін сыйлады. Тіл жанашыры, волонтер, орталықтың белсендісі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ақмарал балалармен түрлі логикалық, қозғалмалы ойындар өткізді. Балаларға кішігірім мереке сыйлағандары үшін мектеп басшысы Айнұр Шалабайқызы қонақтарымызға алғыс білдірді.
#мектепкежол
#қайырымдылықакциясы