image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінің кітапханашысының ұйымдастыруымен “Мен оқырман боламын” мектеп кітапханасына саяхат өткізілді.Бірінші сынып оқушылары кітаптар әлеміне қызықты саяхат жасады: кітапханашы балалармен кітаптарға ұқыпты қарау, оларды пайдалану ережелері және кітаптарды кітапханаға қайтару мерзімдері, сондай-ақ кітапханадағы тәртіп ережелері туралы әңгімелесті, түрлі-түсті безендірілген кітап көрмелеріне ерекше назар аударылды. Балалар «абонемент», «оқу залы», «формуляр» деген не екенін, әр кітап өз орнында тұрғанын және кітапханада қандай принцип бойынша кітаптар орналасқанын білді.Жоғарғы сынып оқушылары өздерінің дайындаған тақпақтарын жатқа айтты.