Мектепте 17 сәуір күні ауыл медбикесі және мектеп психологы бірлесіп “Сырғалым”клубының қыздары арасында «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты жасөспірімдердегі ерте жүктіліктің алдын алу болып табылады. Өскелең жастар мораль және жыныс тәрбиесі бойынша сұрақтар қойды. Контрацепцияның әр түрлі қолжетімді әдістері, жыныс арқылы берілетін жұқпалардың алдын алу және салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпараттар жеткізілді. Семинарда ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан- жас ағза оған әлі дайын емес, әлеуметтік тұрғыдан – бейберекет жыныстық қатынасқа түсетін жас қыздың алдында күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтар талқыланды.Сонымен қатар жеке гигиена жайында әңгіме қозғалды.
#сырғалым
#қыздарклубы
Абай Кунанбаеву 175 лет
Женіс лентасы
ҚР конституциясының 25 жылдығы
Балалар жылы