“Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінің”КММ жанындағы шағын орталығында бүлдіршіндермен қоштасу кеші өтті. Іс — шара барысында балалар ән айтып, би билеп, әр түрлі қызықты тапсырмалар орындап, сұрақтарға жауап берді. Шағын орталық түлектері естелікке дипломмен марапатталды. Түлектерімізге арнау:
Балабақша есігін ашып сендер,
Тым кішкентай бала боп келген еңдер.
Бұл бақшадан үйреніп көп дүние,
Міне бүгін оны да бітірдіңдер.
#бақшаменқоштасу
#қоштасу
Бақшадан соң мектепке барасыңдар,
Оқу оқып, шамнан шырақ жағасыңдар.
Зейіндерің ашылсын балапандар,
Бар бақытты оқудан табасыңдар