image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

REPOST@gani_beisembaev
“ҰСТАЗ” фильмі туралы.

Жуырда белгілі журналист, марқұм Бейсен Құранбектің идеясының желісімен түсірілген «Ұстаз» фильмінің көрсетілімі болды. Фильмнің сценарийін Гүлмира Зербай жазған, ал қоюшы режиссері – жетісулық жас талант Ерлан Ұшақпаев.
Фильмнің басты кейіпкері – Ұстаз, сондықтан Оқу-ағарту министрлігінің ұсынысымен Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетіп, ол өткен сенбіде «Qazaqstan» ұлттық арнасы арқылы күллі көрерменге жол тартты. Фильм Жетісу облысы әкімдігінің демеушілігімен шағын қаржыға түсірілген.
Десек те, көзі қарақты, көкірегі ояу көрерменнің өзіміз күнделікті өмірде маңыздылығына мән арта бермейтін мұғалімдік қызметтің шынайы болмысы көрініс тапқан «Ұстаз» фильмі туралы әлеуметтік желіде позитивті эмоцияларымен бөлісуі – оның қалың көпшіліктің көңілінен шыққанын, болашақтың негізін қалаушы ұстаздың қоғамдағы рөліне сол қоғам мүшелерінің бей-жай қарамайтынын аңғартса керек. Бүгіндері бізді қуантуға және толғандыруға тиіс нәрсе – міне, осы болса керек.
Бұл кинотуындының Президентіміздің биылғы жылы 5 қазан Ұстаздар күнінде айтқан «Мұғалім – қоғамның басты кейіпкеріне айналуы керек» деген сөзімен үндескен, көпшілікке толғақты ой салатын толымды тағылымы мол екенін атап өткім келеді.
@kenesmektebi
@bilim_pavlodar_audany
@zhemis_duisekenova