Алғыс айту күніне орай 1-3 сынып оқушылары өз ұстаздарына және мектеп қызметкерлеріне жүрекжарды алғыстарын білдірді. Балалар мұғалімдерге білім бергені үшін, ал мектеп қызметкерлеріне еңбектері мен қамқорлықтары үшін ризашылықтарын айтты.
Оқушылар ұстаздарына арнап өлеңдер оқып, суреттер мен ашық хаттар сыйлады. Олар: «Сіз бізге білімнің жарығын сыйладыңыз!», «Еңбегіңіз үшін мың алғыс!», «Сіздердің қамқорлықтарыңыз үшін ризамыз!» деген шынайы тілектерін жеткізді.
Сонымен қатар, оқушылар асхана қызметкерлері, еден жуушылар, күзетшілер мен басқа да мектеп жұмыскерлеріне ерекше алғыстарын білдірді. Олар мектептің таза, қауіпсіз және жайлы болуы үшін еңбек етіп жүрген қызметкерлердің еңбегін бағалап, өз қолдарымен жасаған шағын сыйлықтарын табыс етті.
#біртұтас_тәрбие_pvl
#bilim_pavlodar_audanу
#kenesmektebi
@zhemis_duisekenova
@bilim_pavlodar_audany
@ainura_moldahmetova76
#алғысайту

Абай Кунанбаеву 175 лет

Женіс лентасы

ҚР конституциясының 25 жылдығы

Балалар жылы
