image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Сынып сағатының тақырыбы: «22 НАУРЫЗ – ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ»
Мақсаты:
Оқушыларға Наурыз мейрамының мәні мен маңызын түсіндіру, ұлттық дәстүрлерді дәріптеу, отансүйгіштікке тәрбиелеу.Наурыз – қазақ халқының ең маңызды әрі қасиетті мерекелерінің бірі. Бұл – табиғаттың жаңаруын, көктемнің келуін, жаңа жылдың басталуын білдіретін күн. 22 наурыз – күн мен түн теңелетін, тіршілік атаулыға жан бітетін уақыт. Бұл күні адамдар бір-бірін құттықтап, наурыз көже дайындап, ұлттық ойындар ойнап, ән мен күйден шашу шашады.Наурыз мейрамы – бірліктің, татулықтың, берекенің мерекесі. Қазақ халқы бұл күнді ерекше атап өтіп, үлкендерден бата алады. Мерекенің басты тағамы – Наурыз көже, оған жеті түрлі тағам қосылады. Бұл – тоқшылық пен молшылықтың белгісі.
#біртұтас_тәрбие_pvl
#bilim_pavlodar_audanу
#kenesmektebi