image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Кеңес мектебінде 22-Наурыз мерекесіне орай ұлыстың ұлы күніне арналған «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты ерекше мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бұл шарада ұлттық дәстүріміз дәріптеліп, әр сынып өз киіз үйін тігіп, қазақ халқының салт-дәстүрлері көрініс тапты. Киіз үйлер сән-салтанатымен безендіріліп, ұлттық тағамдар әзірленді. Оқушылар мен ұстаздар әсем ән айтып, мың бұрала би билеп, мерекелік көңіл күй сыйлады. Көшпелі мәдениетіміздің айқын бейнесіне айналған бұл шара нағыз ұлыстың ұйытқысы болды!