image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

8 Наурыз

8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай бүгін мектебімізде мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары сүйікті ұстаздары мен аяулы аналарына арнап , көктемнің алғашқы мерекесінде өздерінің дайындаған әндері мен билерін, өлең жырлары мен тілектерін білдірді.
Бастауыш сынып оқушылары билерін, әндерін жолдаса, 5 -6 сыныптар жыр өлеңдерін арнады, 7-9 сынып қыздары мың бұралып , заманауи қазақи билерімен көрермендерді тәнті етті.Мектебіміздің басшысы Айнұр Шалабаевна ару қыздарды, аяулы аналарды, сүйікті әжелерді төл мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, білім беру жолында шығармашылықпен қызмет атқарып жүрген бастауыш сынып мұғалімі Еркегүл Қавышқызын және шаруа меңгерушісі Айнұр Мақсұтқызы Смагулованы аудандық білім беру бөлімі атынан Алғыс хатпен марапаттады.
Мерекелік концерт соңы балаларға арналған би алаңымен жалғасты.🌷
Мерекелік шараны ұйымдастырған мектебіміздің аға тәлімгері Гулбақыт Қобыланқызына алғыс білдіреміз!🌷