«8 — Наурыз халықаралық әйелдер мерекесі»
«8 – наурыз халықаралық әйелдер мерекесі»
Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінде наурыздың 6 – сы күні халықаралық аналар мерекесіне орай концерт ұйымдастырылды. Концерттік іс – шараның басында құттықтау сөз кезегі Кеңес негізгі білім беру мектебінің директоры Молдахметова Айнұр Шалабайқызына берілді. Бұл бағдарламаға мектеп оқушылары және ұстаздар ұжымы қатысты. Концерттік іс – шарада оқушылар және ұстаздар ән айтып, би билеп, күй тартып, бастауыш сынып оқушылары өз өлең жолдарын жатқа оқып өнерлерін көрсетті. Концертті тамашалауға арнайы қонақтар және ауыл тұрғындары да келіп қатысты.
Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес.
Әзірлеген: Аға тәлімгер Бахатхан Ж.