«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкенәлеуметтікқасіретболыптабылатынолсаяси даму тұрғысынанбір-бірінеұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.Сыбайласжемқорлықәлеуметтік – экономикалық даму,нарықтық экономиканы құруинвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Елбасы биылда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті.
Павлодар ауданының Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі іс-шаралар өткізілуде. 24 қараша күні « Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары» атты дөңгелек үстел өткізілді. 9-сынып оқушылары «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» бейнеролигін түсіріп, оқушыларға көрсетілді. Бейнероликтен кейін оқушылар оны талқылап, ситуациялық жағдайларды шешіп, өздеріне жемқорлық заңмен қудаланатынын түсініп, ой түйді.
Осындай іс-шаралар оқушылар санасында әділеттілікке деген көзқарасын қалыптастыруға зор әсерін тигізеді.