Хабзат Қасенұлы БАУЖАНОВ

Ұстаз – мектеп тірегі журналының редакторы,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

 

Ауыл мектебінің тарихы

 

«Тарихын білмеген тамырында білмейді» демекші, тарихқа көз жүгіртсек, қазақ даласында алғашқы білім мекемелері сонау орта ғасырлардың бас кездерінде-ақ (7-8 ғ.ғ.) болған. Тек оларда діни білімге мән берілген. Мектептерде (мұсылманша бастауыш оқу орны) молдалар арабша хат тануға, Құран мәтінін жатқа білуге үйреткен. Оқыту мерзімі 4-ақ жылды құраған. Медресені тамамдаған бойда ешбір құжат берілмейтін болған. Қалалардағы медреселерде ислам дінін уағыздайтын бастауыш мұсылман мектептерінің молдаларын, қазилары, мухтасибтерін, дінбасыларын, діндарларды, шариғат заңдарын түсіндіретін жоғары лауазымды дін қызметшілерін даярлаған. Белгілі ақындар, тіпті ағартушы-демократ ретінде танылған қазақ зиялыларының бәрі медресе көрген. Мәселен, Отырар шаһарынан шыққан қазақ жерінің ұлы перзенті, екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби алғашқы діни білімді медреседен алған. Сол сияқты кешегі Абылай ханның кеңесшісі, уәзірі болған Бұхар жырау, Мәшһүр Жүсіп, Мұхаммедрахым хазірет, Нұрғали хазірет, Бұхараның «Мір Ғараб» медресесінде білім алған. Бертің Уфадағы «Ғалия», Тройцктегі «Расулия», Жетісудағы «Мамания», Ерейментаудағы «Ақтамақ халфе», Семейдегі «Ахмет Риза» медреселерін, кешегі Ұлт зиялылары, алаш қайраткеркерлері Ә. Бөкейхан, Б. Майлин, М. Сералин, М. Жұмабаев, С. Асфандияров, А. Құнанбайұлы, С. Ғылмани сияқты зиялыларымыз шыққан. Бұл оқу орындарында діни сабақтан басқа заңтану, тарих, логика, риторика, жағрафия, фиолсофия, математика, астрономия, медицына, метафизика, т.б. зайырлы пәнде оқытылған. Қазақ жері Ресей бодан болған тұста, жергілікті басқару мен тілмәштар даярлайтын орыс-қазақ мектептерін ашу қажеттігі туған. Осы мақсатта Омбыда 1789 жылы «Азиялық училище» ашылды. Бұл оқу орнына қазақ балалары қабылданды. 1841 жылы Бөкей Ордасында Жәңгір хан қазақ балалары үшін қазақ-орыс мектебін ашқан.

«Кел, балалар оқылық! Бір Аллаға сыйынып» бұл өлең жолдарын білмейтін бала кемде-кім шығар… Ия, сонау 1860 жылдары қазақ балаларын оқу-білімге үндеп, сол жолда талмай-тынбай еңбек еткен ұлы ағартушы, ғалым, ұстаздардың-ұстазы атанған Ыбырай Алтынсариннің алғашқы қазақ мектебін ашудағы рөлі зор. Қиын-қыстау кезеңде Торғай топырағында қазақ мектебін ашып қана қоймай (1864 жылдың 8 қаңтары), арнайы оқу құралдарын әзірлеп, талай шәкіртті білім нәрімен сусындатқан ұлы ағартушы тұлға. Білім мекемесі қазақ мектептерінің қарашаңырағы саналады. Ұлт зиялысы, лингвист, ғалым А. Байтұрсынов та қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсады. Ол бастаған бір топ қазақ зиялысы 1905 жылы 26 маусымда Қарқалалы қазақтары атынан Министрлер Кеңесінің төрағасына петиция жолдап, «Қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауатын ашатын болсын» деген талаптар қойылды. А. Байтұрсынұлы қазақ тілінде тұңғыш әліпбиді құрастырып жазды. Сөйтіп, біртіндеп қазақ мектептері, оларда білім алатын шәкірттер саны арта түсті. Алайда, тың игеру жылдары басталғанда республика көлемінде өзге ұлт өкілдері қоныстана бастады, біртіндеп қазақ мектептері орыс-қазақ, аралас, таза орыс мектептеріне айналдырылды. Орыс  орындарында дәріс дерлік орыс тілінде жүргізілді. Қазақ мектептерінде оқушылардың саны кеми түсті. Тіпті тілімізден айырыла жаздағанымыз жасырын емес.

Тәуелсіздікке қолымыз жеткен тұста ауданымызда ең бірінші болып Кеңес орталау мектебі таза қазақ тілінде оқытатын мектепке айналдық. Ендігі жерде осы мектептің өткенімен бүгінгісінен сыр шертейін.

Кеңес мектебі – (Ол кезде ауыл Ленин колхозы деп аталатын). 1928 жылы Ленин төртжылдық бастауыш мектебі негізінде құрылды. Қолхоздың төрағасы Белжанұлы Оразбек бас болып өзі ашқан, ауыл еңбекшілерінің балаларын оқытып, сауатын ашу тәрбиелеуге арнайы ашылған білім ордасы. Жаңа ашылған төртжылдық бастауыш мектебінде 4 мұғалім жұмыс істеген. Мұғалім дегені әріп танығаны болмаса, арнайы білімдері болмаған. Ауыл тұрғындары 1928 жылдары ұжымдастыру, 1932 жылдары аштық зобалаңы кезінде, аумалы-төкпелі уақытта, саман балшықтан соғылған балаларға 2 бөлмеден тұратын үй салған. Майшамның жарығымен 12 оқушы сабақ алған. Оқушы дейтіні жастары әркелкі 9-17 жас аралығы болатын.

Мектептің алғашқы мүдірі Нұрғали хазіреттің немересі Сейітахметұлы Шәріпхан (1928-1937 ж.ж.) болды. Шәріпхан Сейітахметұлы – 1901 жылы туған. 1923 ж. Семейдегі мұғалімдер даярлайтын 6 айлық училищесін бітірген. 1937 жылы молданың ұрпағы, болыстың баласы деген жаламен «халық жауы» атанып, атылыр кетті. Жерленген жері: ШҚО, Риддер қаласы.

1937-1947 жылдары аралығында мектеп мүдірі Жақияұлы Естай болды. (Бұл кісі жайында мәлімет жоқ).

1947-1952 жылдар аралығында мектеп мүдірі Асанбаев Шоңай Асанбайұлы болды. Ол, 1945 жылғы тамызында Кеңес ауылының орта мектебіне мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі қызметіне жолдамамен келді. 1947 жылы Кеңес ауылының орталау мектебінің мүдірі болып тағайындалды. Өзінің туған ауылы Кеңес колхозына мектеп салуға рұқсат сұрайды. Оқу бөлімдегілер Подстепкадағы интернатты қарамағына алуды өтінеді. Бұл ұсынысты бірден қабылдайды. Интернаттағы басқа ұлттың балаларын, Тілектес, Қызылқоғам, Подстепканың айналысындағы ауылдар, тіпті Ертістің аржағындағы Құркөл, М. Омаров секілді ауылдардың балаларын жинап, ескі үйді әрі мектеп, жататын орын – мектеп-интернатқа айналдырады. Келесі жылы жаңадан үлкен мектеп, мұғалімдер тұратын үй салдырады. Сол кезде Кеңес ауылы балалардың білім алу ордасына ғана емес, көңіл көтерер сауық орталығына айналдырды.

1952-1959 жылдар аралығында мектеп мүдірі Сарин Әкімжан Сарыұлы болды. Әкімжан Сарин жұмысына тиянақты, еңбекқор болған. Мектеп-интернатын күрделі жөндеуден өткізді, қосалқы шаруашылық орындарын ашуға, мұғалімдер мен тәрбиеші мамандардың біліктілігін жетілдіруде айтарлықтай үлес қосты.

1959-1968 жылдар аралығында Қабылбеков Қизат Қабылбекұлы мүдір болды. Осы аралықта ұйымшыл, іскер, бір-біріне қайырымды ұжымда «Оқу ісінің үздігі» атанған мұғалімдер қатары көбейді. Қизат Қабылбекұлы басқарған жылдары мектеп құрал-жабдықтар базасы толықты.

1968-1977 жылдар аралығында Еңбек Қызыл Ту орденді, Қызыл жұлдыз орденінің толық иегері Асанбаев Шоңай Асанбайұлы қайта мүдір болып тағайындалды. Бұл білім шаңырағы заман ағымына қарай дәуір талабына сай ұлт қажеттілігін  ожаңтырып, оқыту-тәрбиелеу үрдісінде үзіліссіз даму үстінде болды. Шоңай Асанбайұлы көрнекті басшы, жаңашыл ұстаз бола білді.

1970 жылы мектеп жаңа ғимаратқа көшірілді.

1977-1983 жылдар аралығында Тасбулатов Темірхан Әтенұлы мүдір болды. Мектептің оқу-тәрбие үрдісін ұжымдастыруда тәжірибесімен бөлісіп, қажырллы еңбегімен зор үлес қосып, ұстаздар ұжымына үлгі-өнеге бола білді.

1983-1987 жылдар аралығында майталман ұстаз Асанбаева Роза Әнуарбекқызы мүдірлік құзыреттілігіне ие болды. Ол кезде оқушылардың білім деңгейінің жоғарлауына көптеген мүмкіндіктер жасалды.

1987-2002 жылдар аралығында Абдуллин Шаймұрат Тәттімбетұлы мүдір болды.  Шаймұрат Тәттімбетұлының бастамасымен таза қазақ тілінде білім беретін мектепке айналдырды.

2002-2012 жылдар аралығында І санатты орыс тілі және әдебиеті мұғалімі Абдуллина Рауза Қалықызы мүдір болды. Рауза Қалықызы мүдірлік қызметте көп еңбек жасады. Кадр мәселесін осы мектептен шыққан оқушылары дайындады. Ол педагог қауымының танымдық іс-әрекетін оқушылардың ғылыми және білім еңбегін нәтижеге бағыттау тұрғысында ұйымдастырды. Мектеп жұмысының нағыз өрлеу кезеңі еді. Оқушылар арасынан облыстық, аудандық байқауларға, сайыстарға, олимпиада жеңімпаздары, жүлдегерлері атанғандар көп болды.

2012 жылдан бастап «Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебі» ММ мүдірі тізгінін қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі, жоғары санатты ұстаз Молдахметова Айнұр Шалабайқызы қолына алды. Мектеп жұмысы ілгері қарай дамып келеді. «Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебі» ММ мұғалімдері бұрыңғыдан да қарышты қадамдап, жұмыстарын жаңа биіктерге көтеруде.

Мектеп ғимараты 1970 жылы пайдалануға берілді. Мектептің сыйымдылығы – 60 орын. Бүгін күні 45 оқушы білім алуда. Жалпы сыныптың саны – 8. Барлық мұғалімдер – 16.

Мектепте 4 әдістемелік бірлестіктер жұмыс жасайды. Қоғамдық-гуманитарлық әдістемелік бірлестігі (жетекшісі Баужанова Д.П.), бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігі (жетекшісі Кавыш Е.), нақты пәндер әдістемелік бірлестігі (жетекшісі Ташмұханбетова М.Қ.), сынып жетекшілері әдістемелік бірлестігі (жетекшісі Сергазинова Б.Ж.).

Жазғы демалыс кезінде оқушылар мектеп жанындағы және демалыс орындарында 100% демалады.

Мектеп жанында «Бүлдіршін» шағын орталығы жұмыс жасайды. (жетекшісі Закриянова М.Е.).

Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінің оқушылары ғылыми жобалар, дебат сайысына, байқауларға республикалық, облыстық, аудандық, мектепішілік олимпиадаларға бастауыш сынып оқушылары Кенгру математикалық бағыттағы байқауы,  «Ақбота» зияткерлік марафондарына, Данышпан кз, КИО, НИО т.б. сырттай «Дарын» мектебінде, спорттық спартакиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

Сапалы да мағыналы тәлім мен тәрбие берудің негізгі көзі мұғалімдер. Ұзақ жылдан бері қажымай еңбек етіп, мектептің әр ісіне сара жол қалдыра білген, жастарға үлгі болған тәрбиенің мықты тірегі болған ұлағатты ұстаздарымыз, ерен еңбегімен оқушыларына үлгі-өнеге болған қазірде ортамызда жоқ, қалғаны бейнеттің зейнетін көріп отырған, ардагер ұстаздарымызды ерекше құрметпен айтсақ Әкірам Кишкеналин, Темірхан Тасбулатов, Быкен Касымова, Бағила Молдабаева, Зуматай Қасымова,  Зейніш Әмірханова, Қайдар Әлиұлы, Құрман Гуданаев, Біләл Амрин, Назира Кусниденова, Шаймұрат Абдуллин, Мақсұт Рүстемханова, Құсни Айтжанова, Рауза Абдуллина, Серікбай Ташмұханбетов, Асылтас Елеукина, Мансұр Кишкеналин, Жәмилә Айтмулдина, Роза Асанбаева, Закира Закриянова т.б. есімдері құрметпен ерекше аталады.

Осындай дарындылықты дамытудың жолдарын әрдайым іздестіріп, бағыттарын қарастыратын мектептің мандай алды мұғалімдері: бастауыш сынып мұғалімдері Майгүл Кишкеналина, Еркегүл Кавыш, Нұрзад Бауыржан, Тоған Калиаскарова, қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Айнұр Молдахметова, Әсел Ибраева, Диана Баужанова, орыс тілі және әдебиеті мұғалімі Нұргелді Сәрсенбаев, еңбек, сызу және сурет мұғалімі Аманолла Ахметбеков, физика және информатика мұғалімі Бағила Сергазинова, география пәні мұғалімі Жырғау Мәтейұлы,  биология және химия мұғалімі Гүлжауһар Түсіпханқызы, дене шынықтыру мұғалімі Динара Баужанова және тағы басқалары бар.

«Ауыл спорты» десе, Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебінің алатын орны ерекше. Облыстық және аудандық спорт жарыстарында бірнеше дүркін жүлделерге ие болып жүрген мектептің үстел теннисі мен волейбол командалары, президенттік нормативтік тесттерді де абыройлы атқаруда. Жас өспірімдер бойында спортқа деген қызығушылытарын тәрбиелеуге еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі дене тәрбиесінің мұғалімі – Баужанова Динара Қасенқызын еңбегін ерекше айтуға болады.

Бүгінгі күні Әйтім ауылы Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебі ынталы еңбегімен халыққа танымал, беделдері биік, мектеп оқушыларына үлгі болатын жан-жақты дамыған тұлғалары мен мектеп түлектерін мақтан тұтады. Білім шаңырағын бітірген өнерлі, өрелі түлектер ел мақтанышына айналған. Олардың ішінде – ғалымдар, мұғалімдер, дәрігерлер, кәсіпкерлер, шару қожалығы басшылары, мемлекет қызметкерлері, ішкі істер органының қызметкерлері бар. Мәселен, Қаратай Жүсіпұлы Құрманов – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, техника ғылымдарының кандидаты, Павлодар қаласының Құрметті азаматы, Ержан Темірханов –  С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы, академик, Ерғанат Темірханов – «ҚазТрансАймақ» АҚ вице-президеті, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы, академик, Телісжан Айтказин – Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры, философия ғылымдарының докторы, академик, Төлеген Асанбаев — С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің кауымдастырылған профессоры, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, академик, Гүлғайша Исембаева – Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Зауреш Каженова – Павлодар облысы денсаулық басқармасының басшысы, Мұрат Қабылбеков – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері, Бауыржан Нұрғалиев – Лебяжі аудандық жергілікті полиция бастығы, Ержан Нұрғалиев – Успен ауданның прокуроры, Гүлжан Мұхамеджанқызы – Алматы қаласы №7  балалар ауруханасының бас дәрігері болған. Денсаулық саласының үздігі, Нұрлыбек Жұматаев – «Богатырь-Көмір» АҚ бас энергетигі, Қайырқанат қажы Мұхамедия – ҚМДБ-ның Павлодар қалалық мешітінің бас имамы болған. Керімхан қажы Оразов – ҚМДБ-ның Успен аудандық мешітінің бас имамы, Хабзат Баужанов – Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы президентінің кеңесшісі, жауапты хатшысы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Гауһар Асайынова – Павлодар қ. №10 Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектебінде мұғалім болған, «Халық ағарту ісінің озық қызметкері», «Ұлағатты ұстаз» атағының иегері.

Біз мерейлі мектеп ұжымына баянды болашақ, ұлағатты ұрпақ тәрбиесі жолындағы еңбегі еселене түссін деп тілек білдіреміз. Ауыл ұлтымыздың тірегі ғой, сол тірек осал болмасын!

image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image