Кеңес мектебінде 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік концерт өтті. Шараға мектеп оқушылары, мұғалімдер және ата-аналар қатысты.
Оқушылар аналары мен ұстаздарына арналған өлеңдер оқып, әндер шырқап, би биледі. Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының дайындаған ұлдар және қыздар биі көрермендердің көңілінен шықты.
Концерт соңында балалар аналарына өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыстап, жылы лебіздерін білдірді. Мерекелік шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
#біртұтас_тәрбие_pvl
#bilim_pavlodar_audanу
#kenesmektebi