image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Бүгін мектебімізде 2024-2025 оқу жылының аяқталуына байланысты “Сыңғырла, соңғы қоңырау” атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға оқушылар, ұстаздар,ата-аналар , ардагер-ұстаздар қатысты.
Мерекелік шараны мектеп басшысы Айнур Шалабаевна бастап, түлектерге ақ жол, сәттілік тіледі! 2024-2025 оқу жылына қорытынды жасап, жүлдегер атанған ұстаздар мен оқушыларды атап өтті. Барлық сынып оқушыларына жазғы демалысты жақсы өткізуге тілек білдірді.
Мерекелік шараға аудан білім беру бөлімінің әдіскері Жумабекова А.М., ардагер ұстаздарымыз Абдуллин Ш.Т., Абдуллина Р.К., Кишкеналина М.Т. қатысып, мектеп оқушыларына, түлектерімізге ізгі тілектерін білдірді.
Түлектерге ақ жол, сәт сапар тілейміз! Алдағы емтихан дарды ойдағыдай тапсырып, жазғы демалысты қызықты өткізуге тілектеспіз
#соңғықоңырау
#оқужылыныңаяқталуы!