Аудандық семинар
Бүгін Павлодар ауданы Ямышев орта мектебінде аудандық семинар өтті. Ауданның барлық мектептерінен биология және химия пәндері мұғалімдері жиналды. Семинарда мен » PISA тапсырмалары- оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру құралы» атты тақырыпта өз тәжірибеммен бөлістім. Оның себебі: осы қараша айының 15-інде Заря орта мектебінің толық 15-жастағы 25-оқушысы осы PISA Халықаралық бағдарламасы бойынша тест тапсырды. Әрине, ол өз алдына терең дайындықты қажет еткені сөзсіз.Жалпы PISA дегеніміз- ол оқушылардың білім алу жетістіктерін бағалау бойынша (Programme for International Student Assessment) Халықаралық бағдарламасы-әлемдегі әр түрлі елдердің оқушыларының сауаттылығын және білімдерін тәжірибеде қолдана білулерін бағалайтын тест. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу бағыттары: » оқу сауаттылығы», » математикалық сауаттылық», » ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы». Тапсырмаларының әр тобы тұлғалық, әлеуметтік немесе жаһандық контекстте қарастырылады. Осы орайда оқушылардың функционалдық сауаттылығын және шығармашылық ойлауын дамытуға арналған заманауи әдіс-тәсілдер арқылы стандарттан тыс пайымдауларына бағыттауымыз қажет.
https://www.instagram.com/p/ClYR_kItDUskh5NUi4D_eCYDMgR_IkQec4VU5s0/?igshid=MDJmNzVkMjY=