image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері


23 ақпан күні Заря жалпы орта білім беру мектебінде жас бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «оқытудың белсенді әдіс- тәсілдері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында 3″А» сыныбында педагог- зерттейші Зардыхан Харашаш пен педагог- модератор Баймұрат Қымбат жаратылыстану пәнінен «Күн мен түн неліктен алмасады?» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Келесі кезекте педагогика ғылымдарының магистрі Усербаева Камила Абряровна мен педагог-зерттеуші Урузбаева Анна Александровна орыс тілі пәнінен ашық сабақ көрсетті.
Заря мектебі ұжымы жоғары оқу орындарымен қоян-қолтық жұмыс жасайтындықтарынада тоқтала кету керек. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университенінің PHD докторы, профессор Тулекова Гулмира Мухамеджановна жас ұстаздармен стреске төзімділік тренингілерін өткізді.
Семинардың келесі кезеңінде Заря мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Цань Г.П, Куспекова Н.Н, Жандарбекова А.Е, Зардыхан Х, Баймұрат Қ оқытудың белсенді тәсілдерінен өзі тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі Абенова Г.Н өзі қолынан жасалған сувенир сыйлықтарын сыйлады.