image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Павлодар облысында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы басталды! ⠀ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Nur Otan» партиясы ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Qazaq Epos» қоғамдық қорымен бірлесе отырып «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауын жариялайды. ⠀ Байқау 6-10 сынып оқушылары арасында «Едіге батыр» жырын жатқа айтудан өтеді. Қатысушылар қосымша Алтын Орда мемлекетінің тарихи оқиғаларына қатысты сұрақтарға жауап беріп, жырда кездесетін көнерген сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп, қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасы негізінде әзірленген сұрақтарға жауап беруі тиіс. ⠀ Байқау 2021 жылдың 25 қыркүйек – 5 қараша аралығында өтеді. Жеңімпаз оқушылар ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Аудандық кезеңде: 1-орын – 150 мың теңге; 2-орын – 100 мың теңге; 3-орын – 50 мың теңге. Облыстық (қалалық) кезеңде: 1-ші орын – 750 000 теңге (біреу); 2-ші орын – 350 000 теңге (екеу); 3-ші орын – 200 000 теңге (екеу). Облыстық (қалалық) деңгейдегі жеңімпаз оқушылардың мұғалімдеріне арналған ақшалай сыйлықтар: 1-ші орын – 1 500 000 теңге (біреу); 2-ші орын – 700 000 теңге (екеу); 3-ші орын – 400 000 теңге (екеу). ⠀ Байқау туралы толық ақпаратпен www.qazaqepos.com сайтында танысуға болады. Қосымша жаңалықтар мен мәліметтерді «Nur Otan» партиясы филиалдарының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан таба аласыздар. #NurOtanQazaqEpos