image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Пилоттық жобаны іске асыру барысында


Заря орта жалпы білім беру мектебінде көптілділік бағдарламасы негізінде ағылшын тілін Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндермен кіріктіріп (интеграциялап) оқыту және пилоттық жобаны енгізу негізінде оқыту жұмыстары ұйымдастырылған. Биология және химия пәнінің мұғалімі Р.К. Даулетбаева факультативтік сабақтарында «Химия және тіршілік» (8 «А»), «Биология және денсаулық» (9″а») ағылшын тілінің элементтері мен оқыту жүргізеді. Іріктелген тақырыптар мен бағдарлама талаптарына сәйкес оқушыларды қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде коммуникативтік дағдыларға үйретеді, оқушылардың сөйлеу әрекетінің төрт түріндегі дағдыларын жетілдіреді: айтылым, жазылым, оқылым және тыңдалым. Рысжан Қабышқызы облыстық деңгейдео нлайн режимінде 2021 жылдың желтоқсан айының 22-і күні 8-қазақ сыныбымен «Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы. Химиялық элементтердің конфигурациясы.
Structure of Periodic Table. Electron configuration» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Периодтық жүйе құрылымын, химиялық элементтердің конфигурациясы ұғымының мәнін түсіну және жаза білу.
Сабақта заманауи оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытатын тапсырмалар мен коммуникативтік құзыреттіліктер дағдылары қамтылды, сабақ мақсатына сай өтті.