Денсаулық күні
23 мамыр күні мектебімізде дәстүрлі «Денсаулық күні» өткізілді. 1-10 сынып оқушылары мен мұғалімдер таңғы жаттығуды бірге жасады. 1-4 сынып оқушыларына «Көңілді жарыстар» ұйымдастырылды, ал 5-10 сынып оқушылары орманға серуенге барды. Оқушылар мен мұғалімдер табиғат аясында спорттық ойындар ойнап, таза ауамен дем алып, серігіп қайтты.