image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы пікір

 
Елбасының бұл бағдарламасы қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтарын танытуда. Рухани жаңғыру – бұл адам сана сезімінің, сенімі мен сапасының, білімі мен өмір сүру тәсілінің көрсеткіші. Бұл қазіргі ұрпақтың, жастардың рухани байлығы ,олардың білімділігі, ана –тілін білуі мен ұлттық мәдени деңгейі, жан-жақты ой-өрісінен тұрады. Сондықтан да, Елбасының бағдарламасы жастарға арналған деп ойлаймын.Өйткені, болашақ –жастардың қолында. Қоғамдық сананы жаңғыртудың басты басымдығы ұлтымыздың жаһандық қоғамдастықта бәсекеге қабілетті болуы екендігі сөзсіз. Бұл ретте өзіміздің бірегейлігімізді, құндылықтарымыз бен дәстүрімізді сақтауға тиіспіз.  Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп ұлы Мұхтар Әуезов босқа айтпаған.Мемлекет басшысы нұсқап отырған ұлттық бірегейлікті сақтауды отбасынан бастау қажет. Және  оны заман ағымына қарай әлемдік озық жаңалықтарға, ғылым-білімге құштарлықты білім ошақтарында айқара ашуымыз керек. Сондықтан  жастардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде өңірімізде келелі жұмыстар атқарылуда. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. Сол себепті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  биылғы жолдауында мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 пайызға көбейтуді тапсырғаны біз үшін үлкен қуаныш.Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұзтаздар қауымы қосатын үлес –жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған»рухани жаңғыру» бағдарламасының талаптарына сай орындау деп білемін.

Павлодар ауданы

Заңғар орта мектебінің

қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Сегизаева Толқын Жасұланқызы