«Отбасы-бақыт мекені»
2018 жылғы 6-14 қыркүйек аралығында Заңғар орта жалпы білім беру мектебінде «Отбасы-бақыт мекені» атты республикалық апта өткізілді.
Республикалық аптаны өткізудің мақсаты – қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы мен балалар мүддесіне мемлекеттік құрылымдарды насихаттау, отбасы мен балалар мүддесіне мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ-тың күштерін біріктіру.
Апталық бойынша 1-4 сыныптар арасында суреттер, ал 5-10 сыныптар арасында шығармалар сайыстары өткізілді.
Әр сыныпта «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.