«Спорт күні»
Павлодар ауданының 90-жылдығына орай Заңғар ауылының апталығының екінші күнінде 6 қарашада «Спорт күні» өткізілді. Мектептің спортазалында волейболдан жарыс, ал мәдениет үйінде шахматтан жарыс өткізілді. Волейболдан жарысқа мұғалімдер командасы, шағын орталық командасы, ауыл жасатарының командасы, әкімдіктің командасы қатысты. Жарыс өте қызықты өтті. Жарыс жеңімпаздары: І орын – ауыл жастары, ІІ орын – Заңғар ауылының әкімдігі, ІІІ орын – мектеп мұғалімдері иеленді. Шахматтан жарыста мектебіміздің мұғаілімі Алашбаева Гулмейра Бекжановна 2 орынға, ал Кудабаев Ерсен Ботаевич 4 орынға ие болды.