«1 наурыз-Алғыс айту күні!»
Заңғар жалпы орта білім беру мектебінде 1 наурыз-Алғыс айту күніне арналған сынып сағаты өткізілді. Оған көп балалы ана,қазіргі кезде немерелерін тәрбиелеп отырған Абитанова Қорлан апа мен Асылханова Ырысты әжей шақырылды.Мектебіміздің оқу озаты,мектеп белсенділері Талғат Әйгерім мен Сулейманова Гүлдананы тәрбиелегендері үшін алғыс айтылды.Мектеп оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетіп,әжелерге құрмет көрсетті.