«Family Day» отбасылық сайыс
Наурыз мерекесі қарсанында мектепішілік «Family Day» сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа 3 жұп қатысты. Әр жұп өздерінің отбасылық сүйікті тағамдарын әкеліп, дайындау барысымен көрермендерді таныстырды. Сайыста 9 сынып оқушысы Махаматалиева Мадина мен анасы Тулегова Гүлназ 1 орынға ие болды.