image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Батырлар біздің арамызда»

Павлодар ауданы Заңғар орта жалпы білім беру мектебінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арнап «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Батырлар біздің арамызда» атты іс-шара өткізілді.Шараға ауылымыздың ардақты әжесі,тыл еңбеккерлері Ирсымова Бақтылы әжей мен Мамынтаева Нұрлығайын және Ауған соғысының ардагерлері Алашбаев Бекежан,  Бекполатов Бектөре,Бухаров Сейтбек ағайлар шақырылды.

Бұл жобаның басты мақсаты: Ұлы Отан, Ауған соғысы және тыл ардагерлерімен кездесіп,олардың еңбектері зая кетпегендерін білдіртіп,ризашылығымызды айту. Бүгінгі қоғамдағы жастарға олардың ақыл-кеңестерін айтқызу.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты шақырылған қонақтардың бәрі келмесе де, іс-шарамыз ауқымды түрде өткізілді.Оқушыларымыздың жауапкершілікпен дайындалғандары байқалды.Сахна эстетикасы,сөйлеу мәнерлері,артістік қабілеттері бәрі сақталған.Әсіресе 7 сынып пен 9 сынып оқушыларының дайындаған көріністері  көзге жас келтірді.Жұмабек Мадинаның артістік қабілеті,сөйлеу интонациясы байқалды.8 сынып оқушы Сулейманова Гүлдананың орындауында монолог, Қалимардан Әлішердің орындауында Роберт Рождественскийдің «Помните!» үзіндісі оқылды.Ал әншілерге айтар алғысымыз шексіз Талғат Әйгерім, Қалимардан Диас- олар мектебіміздің жұлдыздары атанды. Мектеп директорымыз бұл күнге ерекше дайындалып, «О героях былых времен» әнін нақышына келтіріп айтты. Осы өткен іс-шараның мақсатына жеттік деп сеніммен айтуға болады.