«Адал friends» жобасы
5 сынып оқушылары мектеп психологы Гулжамал Мұратқызы Увахитовамен «Адал friends» жобасы аясында Нурбаев Нурхаттың үйіне барды. Нурхат өте қатты қуанды. Балалармен ойын ойнады, мультфильмдер көрді. Оқушылар Нұрхатқа өздері салған суреттерді сыйлап, дайындаған әндер мен өлеңдерін айтты. Бұл жоба арқылы балалар бір-бірлеріне мейірімді, жанашыр болуға үйренді. Нұрхат болса өзін балалардан еш кем емес екендігін сезініп, достары пайда болғанына қуанды.