image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Лента победы
image
25-летие конституции РК
image
Балалар жылы

image

«Жарқын болашақ» олимпиадасы бойынша ақпарат

«Жарқын болашақ» олимпиадасы бойынша ақпарат

Розовка орта жалпы білім беру мектебінде «Жарқын болашақ» атты қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Осы олимпиадаға Павлодар ауданының мектептерінен «Жүзден-жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші, ең дарынды оқушылары өз білімдерін сынға тартты. «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңіне Павлодар ауданы мектептерінен 60 — тан астам оқушы қатысып, өнер додасында бақ сынады. Олимпиада 5 бағыт бойынша өтті. «Бейнелеушілер» байқауы,«Білгірлер бәйгесі» байқауы, «Жас қаламгер» байқауы, «Сөз шеберлері» байқауы және «Әнші- бұлбұлдар» байқауы. Оқушылар өз таңдаған бағыты бойынша тапсырмаларды орындады.

Розовка мектебі келген қонақтарды жылы лебізбен қарсы алды. Мектеп әкімшілігі оқушылардың олимпиада жұмыстарын кедергісіз, тыныш ахуалда орындауларына барлық жағдайды жасады.

Розовка орта мектебінен жүлделі орынға ие болған оқушылар:

«Әнші- бұлбұлдар» байқауы бойынша 10 сынып оқушысы Харти Софья 1 орынға ие болып, облысқа жолдама алды.

«Сөз шеберлері» байқауы бойынша 10 сынып оқушысы Яворская Екатерина 3 орынға ие болды. Жүлдегерлерге сәттілік тілейміз!

Оқу ісінің меңгерушісі: Галеева А.Т.