image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Лента победы
image
25-летие конституции РК
image
Балалар жылы

image

7ақпанмен 17 ақпан аралығында өткен «Тіл-тұғырым» онкүндігі туралы есеп

 

7ақпанмен 17 ақпан аралығында

өткен «Тіл-тұғырым» онкүндігі туралы есеп

 

1-17 ақпан аралығында Розовка мектебіндетіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыбойынша 2021-2022 оқу жылында «Тіл-тұғырым» облыстық жобасы аясында іс-шаралар жоспары жасалды. Онкүндік барысында кейбір іс-шаралар онлайн түрінде өтті.

Розовка жалпы орта білім беру мектебінде өткен іс-шараға оқушылар мен мұғалімдер белсенді қатысты. Негізгі мақсаты: оқушыларға ана тілінің қадір-қасиеті, құдіреті туралы түсінік беру, тілдің мәртебесін көтеру және білім деңгейін талдау. Басқа тілдерге құрметпен қарау, әр ұлттың ана тілі баға жетпес мұра екенін сезіну, тілге деген сүйіспеншілікті ояту.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін Розовка мектебінде келесі жұмыстар жүргізілді.

Онкүндіктің басында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері өзге ұлт өкілдері мұғалімдерімен мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында қашықтықтан Zoom арқылы конференция өткізді.

Пән мұғалімдері Айп Т.М., Аюпова Ж.Б., Галеева А.Т., Силиева А.Д. «Тіл-тұғырым» облыстық жобасы аясында Розовка мектебі бойынша 2022 жылғы 7-17 ақпан аралығында өтетін онкүндіктің жоспарын талқылады.

«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында педагогтар оқуға арналған 30 көркем шығарма бойынша оқыту, мәнерлеп оқу сағаттарын өткізді. Мектеп кітапханашысы Н.А. Колесник және пән мұғалімдері оқушыларды осы жазушылардың өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстырды. Оқушыларға презентациялар, суреттер көрсетілді. Сондай-ақ мектеп кітапханасында Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Пән мұғалімдері және мектеп кітапханашысы Наталья Анатольевна ғалым-ағартушы Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты көрме ұйымдастырды.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 5-8 сыныптар арасында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығармаларды оқыту сағаттары өткізілді. Сондай-ақ онкүндік аясында «Оқуғақұштар мектеп» жобасы аясында 7 сынып оқушыларымен қазақ тіліндегі шығармаларды зерделеу бойынша пән мұғалімі А.Т. Галееваның сабағында оқу минуты өткізілді.

Розовка жалпы орта білім беру мектебінде «Тіл-тұғырым» облыстық жобасы аясында өтіп жатқан іс-шараларға қатысты қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына байланысты ақынның «Тауда өстім», «Отан» өлеңдерін 7 сынып оқушысы Асанова Санам жатқа айтты.

Белгілі қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Жамбылдың жыры-халықтың үні» атты автордың өлеңдерін оқу бойынша интернет-акция өтті..

Қазақтың әйгілі ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай автордың «Жамбылдың жыры-халықтың үні» атты өлеңін оқудан Интернет-акция өткізілді.

Пән мұғалімдері Жанар Болатовна мен Айп Т. ұйымдастыруымен «Тіл тұғырым» жобасы аясында «Тілім менің-тірлігімнің айғағы» атты Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған 6-сынып оқушылары арасында викториналық сайыс өткізілді. Барлық іс-шараларға белсенді қатысқан оқушылар міндетті түрде марапатталады. Аталған іс-шараларды мектеп сайтында және Instagram беттерінде көруге болады.

Сілтемелер: https://www.instagram.com/p/CaCAse2NBGE/?utm_medium=share_sheet

https://www.instagram.com/p/CZ9yp0JNwVl/?utm_medium=copy_link

https://www.instagram.com/tv/CZ0bpAkIIRa/?utm_medium=copy_link

https://www.instagram.com/tv/CZwuKJRvIEL/?utm_medium=copy_link

https://www.instagram.com/p/CZrFyU_tTrZ/?utm_medium=copy_link

https://www.instagram.com/p/CZrFxYztSI1/?utm_medium=copy_link

https://www.instagram.com/p/CZd1dgHNcGl/?utm_medium=copy_link

https://www.instagram.com/p/CZduZCTN3Lq/?utm_medium=copy_link

https://www.instagram.com/tv/CZ_5QF3pCIj/?utm_medium=copy_link

 

 

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Галеева А.Т.