image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Онкүндіктің қорытындысы

Онкүндіктің қорытындысы

Розовка орта жалпы білім беру мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ-нің онкүндігі салтанантты жиынмен ашылды. Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Тусупова Г.С. оқушылар мен ұстаздар қауымын онкүндіктің жоспарымен таныстырды. Ол онкүндікте әр түрлі сайыстар, ойындар, викториналар өтетінін атап өтті.

Пән мұғалімдері Дюсембаева Н.Т. мен Садыгулова А.Р. 2б, 3б сыныптарымен «Ана тілім-дана тілім» атты ашық сынып сағатын өткізді, Айп Т.М. онкүндік бойы үлкен үзілістерде бастауыш, орта буын оқушыларына «Бес асық», «Көтермек», «Жүзік салу», «Аударыспақ», «Орамал тастау» т.б. ұлттық ойындарын ойнатты. Әр үзілісте мектеп дәлізінде қазақ халқының ұлттық әуені шырқалып тұрды.

Тәуелсіздік күні қарсаңында пән мұғалімі Галеева А.Т. ұлты қазақ емес мұғалімдер арасында «Қазақшаңыз қалай?»  атты викторина өткізді. Сайыста мұғалімдер берілген грамматикалық, лексикалық тапсырмаларды жақсы деңгейде орындап шықты.

5-6 сынып оқушылары арасында Тусупова Г.С.интеллектуалды марафон сайысын өткізді.Оқушылар бұл сайыста әр түрлі тапсырмалар орындап, қазақ тілінен жақсы білімдерін көрсетті. Сонымен қатар мектепте мұғалімдер арасында достық жәрмеңкесі өтті. Бұл жәрмеңкеге ұстаздар қауымы әр ұлттың түрлі тағамдарын дайындап келді.

 

Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі  Тусупова Г.С.