image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Туған өлкенің табиғатын сақтайық!» атты ғылыми жобалар конкурсының жүлдегері

«Туған өлкенің табиғатын сақтайық!» атты ғылыми жобалар конкурсының жүлдегері

 

Розовка орта жалпы білім беру мектебінің 9 cынып оқушысы Мецкер Ангелина аудандық 8-11 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» ғылыми жобалар конкурсына «Экология және қоршаған ортаны қорғау» секциясы бойынша қатысып, 2-ші орынға ие болды. Ангелина»Ремейка техникасында ұсақ-түйектер жасауда туған өлкенің табиғатын сақтайық!» тақырыбы бойынша баяндама жасады.

Оқушы қолданған материалдардан өте әдемі, бірегей және пайдалы заттар жасауға болатынын атап, осылайша «экологиялық проблемалардың бірі- қалдықтарды кәдеге жарату мәселесін шешуге болады»- деп тұжырымдама жасады. Ангелина жобасын қорғау барысында өз қолымен істеген барлық бұйымдарды көрсетті. Сонымен қатар, оқушы өз баяндамасында ескі заттарға екінші өмір бере отырып, қоқыс мөлшерін азайтудың нақты жолдарын ұсынады.      Ангелинаның жұмысы комиссияға өзінің теориялық және практикалық бөліктерімен ұнады. Өз баяндамасының әрбір тезисін Ангелина тәжірибелік мысалдармен дәлелдеді. Оқушының жұмысына комиссия өкілдері жоғары баға берді. Әсіресе комиссия өкілдеріне оқушының пластмасса қасықтан жасалған веер, павлин және бәйшешек гүлі сияқты бұйымдары ұнады.