image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Cалт — дәстүрі жаңғырған, қазағым!

Павлодар ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Ұлт мұрасы» атты мереке Рождественка ауылдық округта болып өтті. Бұл мереке сайыс түрінде өтті. Сайысқа көршілес ауылдық округтер қатысты. Олар: Ефремовка аулдық округі, Луганск ауылдық округі, Заңғар ауылдық округі және Рождественка ауылдық округі. Әр ауыл өзіне түскен салт-дәстүрін шеберлікпен көрсете білді. Шілдехана, бесік той, сүндет той, қыз ұзату сияқты өте әдемі салт-дәстүрлерді сайыскерлер өз нақышына жеткізіп көрсетті. Әділ қазылары сахнаның безендірілуін, ұлттық киімдер мен дастархандағы ұлттық тағамдардың сахналық көрініске сәйкес келетінін атап өтті. Сахнада ән де айтылды, би биленді, тақпақ айтылды. Сайысқа жастармен бірге ауылдың қарт кісілері де қатысты. Барлық ауыл бұл сайысқа жақсы дайындалып, көрермендердің көңілінен шықты. Сайыстың соңында әділ қазылары қатысушыларды мадақтау қағаздарымен марапаттап, алғыстарын айтты.