Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған «Денсаулық баршаға» атты ұранымен өткізілген таңғы жаттығу.
Бүгін 5 сәуір күні Григорьевка негізгі жалпы білім беру мектебінде сағат таңғы 8.00-де «Денсаулық баршаға» атты ұранымен 1-9 сынып оқушылары, сынып жетекшілер және мұғалімдер арасында таңғы жаттығу өткізілді. Барша халықты салауатты өмір салты мен денсаулықты жақсартуға шақыратын денсаулық күнінің тарихы1948 жылдың 7 сәуірінен басталған.
Таңғы жаттығу мақсаты: Салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Бос уақыттарын жаттығу түрлеріне арнауға үйрету. Ұжыммен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Жаттығудың соңында 8-9 сынып оқушылары флешмобпен аяқтады және «Денсаулық баршаға», «World health day», «Всемирный день здоровья» атты жазбашалармен оқушылар мен оқушылар таңғы жаттығуды аяқтады. Өткізген дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Баймуратов М.Н.