«Экстремизм мен терроризмнің елімізге қаупі» дөнгелек үстел
17 қараша күні мектебімізде «Экстремизм мен терроризмнің елімізге қаупі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оқушылырға экстремизм мен терроризмнің таралу себептері, оған қарсы әрекет түрлері жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра алдын алу шараларын жүргізу мақсатында бейнеролик көрсетілді. Іс шараның қонағы Ыдырыс атындағы мешіттің имамы Ахметжанов Талғат Амангелдіұлы жасөспірімдерге өз ақыл-кеңесін айтып, жат діни ағымдардан аулақ болуға шақырды