Мектепке дейінгі ұйымда қауіпсіздікті білім беру ұйымының басшысы мен қызметкерлері қамтамасыз етеді.

Әрбір қызметкер келесіні білуі және есте сақтауы тиіс!!!

Күтпеген жағдайлар туындағанда:

— балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

— болған жағдай туралы әкімшілікке хабарлау, жазатайым жағдайда қажет болғанда алғашқы көмек көрсетіп үлгеру;

— 101 – өртке қарсы қызмет, 102 – полиция, 103 –жедел жәрдем, 104 – газ қызметі – жедел қызметтеріне хабарлау қажет.

Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыздар, сонымен бірге күндізгі ұйқы кезінде балалардың жанында ересектердің болуы міндетті.

Балаларды ата-аналарынан қабылдаңыздар.

Балаларды бейтаныс адамдарға, 18 жасқа дейінгі адамдарға, ата-аналарынан жазбаша рұқсат қағазы жоқ адамдарға ертіп жібермеңіздер.

Балалардың топтан шығып кетпеуін қадағалаңыздар.

Балалардың арасында даулы жағдайларды және балалардың жарақаттануын болдырмау үшін балалардың іс-әрекетін тиімді ұйымдастырыңыздар.

Балаларды санитарлық тораптарды, кір киімдерді, тұрмыстық қалдықтарды жинастырумен байланысты еңбекке тартуға қатаң тыйым салынады.

Балалардың үйден тағам, қымбат заттар әкелуіне тыйым салынады.

Әкімшіліктің рұқсатынсыз және нұсқау алусыз балабақшаның ауласынан тыс жерлерге экскурсиялар мен серуендерді ұйымдастыруға тыйым салынады.

Бөлмелерді балалар болмаған кезде желдетіңіздер.

Терезелерді тексеріңіздер, терезелердің тұтқаларын бұғаттаңыздар.

Топ бөлмелерінде улы және тікенді өсімдіктерді ұстауға болмайды.

Шанышпалы, өткір заттарды, дәрі-дәрмектерді, зарарсыздандыру құралдарын балалардың қолы жетпейтін, жабық орында сақтаңыздар.

Шамдар, электр розеткалары, ажыратқыштар, суреттер, жиһаздар, стационарлық балалар құралдары, радиаторлар, гүлдерді қоятын тұғырлар және т.б. жақсы бекітілген және орнықты болуы тиіс.

Сырғанақтар, сатылар, құм салғыштар және т.б. құрал-жабдық жарамды күйде және орнықты болуы қажет.

Ас бөлмесінен тамақты балалар дәлізде болмаған кезде алыңыздар.

Ыстық тағамды, су мен басқа ыстық заттарды балалардың ұстауына, көтеріп әкелуіне тыйым салынады.

Педагог қызметкерлерге педагогикалық этика міндеттерін және нормаларын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда ескерту жасалады немесе бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Білім беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды тұлғаның өз міндеттеріне ұқыпсыз немесе адал қарамауы салдарынан міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл білім беру процесі кезінде білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің және қызметкерлерінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруіне әкеп соқса, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің (субъектілерінің) құқық қорғау органдарына білім беру ұйымдарында құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) жасау фактілері туралы жасыруы, сол сияқты хабарламауы, сондай-ақ білім беру ұйымдарынан тыс жерде  тәрбиеленушілердің құқыққа қарсы әрекеттерді (әрекетсіздік) жасау фактілері туралы белгілі болса, егер ол әрекеттер қылмыстық жазалау әрекеттеріне енетін болса, жеке тұлғаларға бес айлық мөлшерінде, лауазымды тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Білім беру ұйымдары білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын сақтамаған жағдайда лауазымды адамдарға он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

409-баптың бірінші-алтыншы бөліктерінде көрсетілгендей, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс – әрекеттер (әрекетсіздік) – рұқсат беру құжаттарынан айырып, жеке тұлғаларға жиырма, лауазымды адамдарға отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

409-баптың төртінші бөлігінде көрсетілгендей, қызметін хабарлама тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеті үшін қызметі тоқтатылады және лауазымды адамдарға отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  Қазақстан Республикасы Кодексінің 409-бабы.)

Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi педагогтің немесе басқа қызметкердің дәлелсіз себептермен орындамауы немесе тиiсінше орындамауы жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не жүз жиырма сағатқа дейінгі уақытқа қоғамдық жұмыстарға тартуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түрінде жазаланады (ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы).

image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image