“Білімнің қайнар көзі — бастауышта”
Луганск ЖОББ мектебінде 20 қаңтар күні бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен “Білімнің қайнар көзі — бастауышта” атты апталықтың ашылу салтанаты өтті. Мұғалімдер оқушыларды құттықтап, ӘБ жетекшісі аптаның жоспарымен таныстырып өтті. Үлкен үзілісте “Қызықты сұрақтар” ойыны ұйымдастырылды. Бір дұрыс жауапқа — бір құрт берілді. Оқушылар ойынға аса қызығушылықпен қатысты. Мұғалімдер мен оқушыларға сәттілік тілейміз! ӘБ жетекшісі А.Туякова