«Жасыл ел»
2025 жылғы 2 маусымда «Жасыл ел» жазғы профильдік лагері өз есігін айқара ашты. Балалар үшін лагерьмен таныстыру жұмыстары мен экскурсия ұйымдастырылды. Лагерьде тәртіп сақтау ережелері қабылданып, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізілді. Лагерь балалардың демалысын, сауығуын және бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес жұмыс істеді. Қызықты әрі белсенді демалыс – сәтті жазғы демалыстың кепілі. Дегенмен, ата-аналар мен педагогтар үшін балалар демалысының қауіпсіз болуы да аса маңызды. Осыған байланысты лагерьдегі алғашқы күн «Қауіпсіздік күні» ретінде жарияланды. Бұл күні балалармен профилактикалық әңгімелер мен қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар өткізілді.