«Жақсылық жаса»қайырымдылық акциясы
Луганск орта мектебінің оқушылары «Жақсылық жаса»қайырымдылық акциясына қатысты. Акция үш мәселені шешеді: экологиялық — тонна пластик полигонға түспейді; тәрбиелік-балалар табиғатты қорғауды ғана емес, айналасындағыларға мейірімділікті де үйренеді; қаржылық – қымбат емдеуді қажет ететін балаларға материалдық көмек. Пластмассаны сатудан түскен барлық қаражат қайырымдылыққа жұмсалады.
— Акцияның мақсаты-экологиялық мәдениет деңгейін арттыру, мұқтаж жандарға көмек көрсету арқылы оқушылардың өздерінің әлеуметтік маңыздылығын сезіну. Баршаңызға «жақсылық жаса» акциясына қатысқаны үшін алғыс айтамыз! Акция жалғасуда. Қақпақтарды жинап, жақсылық жасаңыз!