image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Мерекесі аясында «Тақиялар күні»

Луганск ЖОББМ-де Наурыз мерекесі аясында «Тақиялар күні»  өткізілді.
Қазақ халқында қыздардың келбетін келістіріп, бойына әсемдік беретін ұлттық киімдер ішінде бас киімнің ерекше екенін білеміз. Қазақтың «дос басыңа қарайды, дұшпан аяғыңа қарайды» дейтін тәмсілі осыдан қалыптасқан болу керек. Өйткені бас киімнің үлгісі қыздарға айрық­ша көрік беріп, оның жасалуында да өзгеше­лік бар. Бұлай дейті­німіз, қазіргі таңда сәнге айналған тақияны көріп көзіміз тояр емес. Бүгінгі жастардың киім кию үлгісі де өзгер­гені белгілі. Соған сәйкес, бұл бастаманың жаңғыруы мен дамуы көңіл қуан­тады. Себебі ұлттық нақыштағы бренд киімдердің арқасында салт-дәстүріміз және қазақы қалпымыз сақталып, болашақ өскелең ұрпаққа аманат болатын дүние­лердің бар екенін аңғарамыз. Бірінен кейін бірі трендке айналған ұлттық киімдер көздің жауын алады. Тақия қазақта ерлердің ғана емес қыз­дардың да жеңіл бас киімі саналады.