image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

“Рақмет саған, Әліппе!”

Луганск ЖОББ мектебінің 1”А” сыныбында әліппемен қоштасуға арналған “Рақмет саған, Әліппе!” атты ертеңгілігі өткізілді . Шараның мақсаты: бар ғылымның атасы, оқушылардың сауатын ашқан сүйікті Әліппемен қоштасу. Балалар 4 ай ішінде алған білімдерін, үйренгендерін көрсете алды. Әліппеге алғыстарын білдіре отыра жаттаған тақпақтарын, әндерін шырқап, би билеп, ойын да ойнады. Әліппемен қоштасып, Ана тілімен танысты. Ана тілі кейіпкері балаларға оқулықтарын табыстады.Мерекенің соңында мектеп ДОІжО-ы Ж.Сарсенбаева оқушыларды құттықтап, Әліппені өте жақсы меңгергені үшін Куәліктерін табыстады. Ата-аналары, ұстаздар, келген қонақтар жылы тілек сөздерін айтып, алғыстарын білдірді. Сынып жетекшісі А. Туякова шәкірттерін алғашқы мерекелерімен құттықтап, ата-аналарына ризашылығын айтты. Оқушыларға да мерекелері ұнады.Ертеңгілік жоғары деңгейде өтті.