image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Соңғы қоңырау мерекесі

 

2024 жылғы 25 мамырда Луганск мектебінде дәстүрлі соңғы қоңырау мерекесіне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты шара өтті.
Луганск ауыл округінің депутаты Шугаев Ж.Р.,”Луганск”өндірістік кооперативінің төрағасы Кузьменко П.П .,Луганск ауылдық округі әкімінің м.а Бабаян А.Е .,Луганск аналар кеңесінің төрағасы Кузьменко Н.П мектеп директоры Е.Я.Радионова түлектерді мектепті сәтті аяқтауларымен құттықтап, алдағы мемлекеттік емтиханды жақсы тапсыруға тілек білдірді. Бұдан басқа ата-аналар да құттықтау сөздерін арнады. Сөз ауыл округінің құрметті азаматы Абдешев К.О берілді.Ал жеткіншек оқушылар бітірушілерге арнап ән салды, би биледі, тақпақ оқыды. Жиын соңында сыңғырлаған күміс қоңырау үні соғылды. Түлектер де жүрекжарды лебіздерін білдірді. Салтанатты жиынның соңы «Менің айтарым бар…» атты түлектердің мерекелік концертіне ұласты. Ақ жол, құрметті түлектер!