Қазақстан Халықтарының бірлік күні және балалар жылы аясында өткізілген аудандық волейболдан сайысы туралы ақпарат
Қазақстан Халықтарының бірлік күні және балалар жылы аясында өткізілген аудандық волейболдан сайысы туралы ақпарат
Луганск жалпы орта білім беру мектебінде Луганск, Ефремовка, Шақат, Заңғар, Черноярка, Рождественко және Розовка мектептерінің 7-9 сынып ұлдары арасында Қазақстан Халықтарының бірлігі күні мен Балалар жылы аясында волейболдан аудандық сайыс өтті.
Іс-шара мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, оқушылардың спорттық шеберліктерін арттыру.
Іс-шара құрметті қонақтардың қатысуымен салтанатты түрде ашылып, басталды. Жарыстың ашылуында мектеп директоры Радионова Екатерина Яковлевна жарыс қатысушыларына құттықтау сөзін жолдады.
Сайыс соңында жарыс қорытындысы бойынша салтанатты жиын өткізілді. Сайыс демеушісі «Луганск» ӨК төрағасы Кузьменко петр Петрович Луганск мектебінің командасына өзінің естелік сыйлығын сыйлады. Сондай-ақ, Луганск ауылдық округінің әкімі Щеглов Вадим Сергеевич те бұл сайысқа бейжай қарамай, сайыс қатысушыларына құттықтау сөзін айтып, Луганск мектебінің командасына волейбол добын сыйға тартты.
Жүлделі орындарға келесі мектеп командалары ие болды: 1 орын – Заңғар ЖОББМ командасы, 2 орын – Шақат ЖОББМ, 3 орын – Луганск ЖОББМ, 4 орын – Рождественко ЖОББМ.
Волейболда тек командалық марапаттар ғана емес, сондай-ақ ойын барысында ерекше жақсы көрсеткіш көрсеткен жеке команда қатысушылары да мараппатталды: үздік блоктаушы, үздік байланыстырғыш, үздік шабуылшы. Үздік байланыстырғыш номинациясы бойынша Заңғар мектебінің оқушысы Нұржанов Адиль, үздік блоктаушы номинациясы бойынша Луганск мектебінің оқушысы Зуев Артем, үздік шабуылшы номинациясы бойынша Шақат мектебінің оқушысы Баисов Адиль марапатталды.
Барлық сайыс қатысушылары бүгінгі сайыстың ұйымдастырушылары мен демеушілеріне, спорт нұсқаушысына, сондай-ақ Луганск мектебінің денешынықтыру мұғалімдеріне өздерінің алғыстарын білдірді.