“Қайырымдылық жәрмеңкесі”
Луганск ЖОББМ «Жас Ұлан» БББҰ еріктілері 8 наурызды мерекелеу аясында “Қайырымдылық жәрмеңкесі” мега жобасына қатысты. Мақсаты: жоба 8 наурызды мерекелеу аясында еліміздің әйел халқына құрмет пен ризашылық білдіру мақсатында өткізіледі. 2025 жылғы «Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында біздің мектептің еріктілері техникалық персонал қызметкерлерін 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Олардың еңбегі,шыдамдылығы мен қамқорлығы үшін алғыс сөздерін білдірді.