«Ерлік сабағы» атты сынып сағаты
Отан қорғаушылар күнін мерекелеу жоспарын жүзеге асыру аясында Луганск орта мектебінің түлегі Алмас Ушатовтың шақыруымен 9-10 сынып оқушылары арасында «Ерлік сабағы» атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: ерлік, борыш, намыс, жауапкершілік, имандылық туралы түсінік қалыптастыру, патриот болу өз елінің әрбір азаматының борышы екенін ұғындыру. Міндеттер: 1) Отан тарихының ерлік және қасіретті беттерімен таныстыру; 2) балалардың ерлік үлгілерін пайдалана отырып, оқушыларды ерлікке, туған жерге деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу; 3) ардагерлерге, әскери қызметкерлердің ерліктеріне, Отан қорғаушыларға құрметпен қарауды, қаза тапқан батырларды мәңгі есте қалдыру қажеттілігін ұғындыру; 4) өскелең ұрпақтың дайындығын дамытуға ықпал ету 9-10 сынып оқушылары Сынып жетекшілері: Салтанат Оразбаевна Тезекбаева.,Анастасия Александровна Сухарева