Бірыңғай сағат
Қазақстанның
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы
Заңына 20 жыл Бірыңғай сағат
«Павлодар ауданының Ефремовка орта жалпы білім беру мектебі» ММ-де наурыз айының 14-і сағат 11:00 де 9-11 сынып оқушыларына арналған ақпараттық сағат өткізілді. Аталмыш іс-шара әлеуметтік бейнебаянмен басталып, оқушылар сол бейнебаянды талқылап, талдады. Жемқорлық деген не? Сыйбайлас жемқорлықтың адам өміріне келтірер зиянын қалай бағалайсыңдар? Сыбайлас жемқорлықпен қалай күреу керек? деген сұрақтарға оқушылар кеңінен толық жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Мектеп директоры Зауреш Қайырбайқызы Шауъхина оқушыларға өмірлік оқиғалар мен мысалдар келтіріп, сыбайлас жемқорлықтың өмірге, қоғамға, ағайын-туыстарымызға, өзімізге тигізер ауыртпашылығының қаншалықты қиын екенін түсіндіріп өтті.
Сағат соңында оқушыларға үй тапсырмасы ретінде «Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсымын!» тақырыбында қабырға газетін дайындау берілді.