image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Аудандық «Абай оқулары»

Көктемнің жарқыраған алғашқы күні Григорьевка ауылында Республикалық «Абай Құнанбаев оқулары» сайысының аудандық кезеңі өтті. Аталмыш сайысқа Ефремовка орта жалпы білім беру мектебінен Толентаева Индира, Азанхан Мариям және Айгазинова Гаухар қатысты. Ауданның барлық мектептерінен келген оқушылар әртүрлі номинациялар бойынша өз өнерлерін ерекше көрсете білді. Ефремовка мектебінен барған оқушылар үш жүлделі орынға ие болғаны нұр үстіне нұр болды. Абай, Шәкәрім еңбектеріне Эссе жазу номинациясы бойынша 10 сынып оқушысы Азанхан Мариям — 1 орын; Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Айгазинова Гаухар — 2 орын; Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы номинациясында 10 сынып оқушысы — Толентаева Индира — 2 орын. Оқушыларымызға көп рахмет!