image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Ефремовка мектебінде өткізілген Абай оқуларының Мектептік кезеңі

«Павлодар ауданының Ефремовка Орта жалпы білім беру мектебі» ММ-де ақпан айының 27 жұлдызында Республикалық сайыс «Абай оқуларының» мектепішілік кезеңі өтті. Аталмыш сайысқа 5-11 сыныптардан 10 оқушы өтінім беріп, оны да белсенділік танытты. Әділ қазылар алқасы оқушылардың Ұлы Абай атамыздың еңбек жолын білуі, қара сөздерді талдай алуы, мәнерлеп оқу дәрежесі мен сахынада өзін — өзі ұстау шеберліктерін бағалады. Сондай — ақ, оқушылар өздерінің қАбай атаға арнаған авторлық өлеңдерін ортаға салды. Күміс көмей әншілеріміз де өздерінің өнерін жоғары деңгейде көрсете білді. Қорытынды бойынша «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясында 1 оын Толентаева Индира, 2-орын Хропач Ульяна (Ағылшын тілінде Абайдың өлеңін оқып ерекшеленді), 3-орын Куатбекова Индира. Және де, сайысымыздың кішкентай қонақтары 4-сынып оқушылары Нұға Мөлдір мен Каратаева Диана Абай атамыздың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтып көрермендерді таң қалдырды. Жеңімпаздар «Абай оқуларының» Григорьевка ауылында өтетін аудандық кезеңіне жолдама алды.