image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Зарница» әскери — спорттық ойыны

Ефремовка орта мектебінде ақпан айының 24-інде 5-11 сынып оқушыларының арасында «Зарница» әскери-спорттық ойыны өткізілді. Аталмыш ойын оқушылар бойындағы патриоттық сезімдерін дамытумен қатар, оқушылардың салауатты өмір салтын сақтауға баулуға ықпал жасайды. Ойынға 4 команда қатысты: Патриот, Факел, Арбалет және Ястреб. Ойын барысында түрлі эстафеталар мен қиындықтар мен кедергілерден өтуге арналған түрлі сайыстар ұйымдастырылды. Оқушылардың белсенділігі мен қуанышында шек жоқ. Ойын қорытындысы бойынша 1-орын Арбалет командасы, 2-орын Факел командасы, 3-орынға Патриот және Ястреб командалары ие болды. Ойын соңында қатысушыларға әскери тамақ ұсынылды.