Бүгін Наурызнаманың жалпыұлттық мерекесінің бесінші күні. 18 наурыз – Ұлттық киім күні ретінде атап өтілетін ерекше мейрам. Бұл күн қазақтың дәстүрлі мәдениетін жаңғыртып, ұлттық киімнің маңыздылығын насихаттауға бағытталған. Қазақ халқының ұлттық киімі – тарихымыз бен мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Біздің мектептің мұғалімдері “ Ең әдемі киім-ұлттық киім” челленджіне қатысты.